Малайзиялықтар Түркістанның тарихына қанық болды

c53fbe6f82cfd1c47e67f6bd1f446b44.jpg

Талай тарихи оқиға мен аңыз-әңгімелерді қойнауына тығып жатқан көне Түркістан қаласына аяқ басуды армандайтындардың қатары көбейіп келеді. Бұрнағы жылдармен салыстырғанда қалаға саяхат жасау оңтайлана түсті. Себебі туристік кластерді дамыту соңғы жылдары мықтап қолға алынуда. Туристерді тартып отырған «Sky Way» қазақстандық туроператоры жақында малайзиялықтарға ерекше сый жасады. Нақтырақ айтанда  Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйытқы болуымен Түркістанға Малайзияның 12 жетекші туристік операторлары саяхаттап келді.  Түркістан өңірінің туризмін дамытуға арналған шара аясында облыстың басты көрнекті нысандарына «Ұлы Жібек жолы» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар ақпараттық турдың өзара ынтымақтастықты кеңейтуге және Малайзиядан Қазақстан Республикасына туристерді тартуға қосымша серпін беретініне сенімді екендігін жеткізді. 

Айта кетейік, Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы (MATTA) Малайзиялық туристік агенттіктер қауымдастығының Бас хатшысы Н.Вонгпен келісімге келген болатын.  Міне, осы екі жақты келісімнің арқасында  алдағы уақытта  өңірге Малайзиядан келетін саяхатшылар саны арта түседі дейді мамандар.  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлеуге болады
  • Где можно оплатить за проезд на дорогах республиканского значения?
  • В древности на территории шымкентской цитадели жили зажиточные люди
  • Что привлекает туристов в Шымкенте?
  • Кәсіпкер депутаттар жастармен кездесті