Қазақстанда ет экспорты 60 мың тоннаға жетті

Screenshot_4.jpg

Кешегі кеңестер одағынан кейін өндіріс орындары тоқтап, жұмыссыз қалдық. Алғашқы жылдары әр жұмыстың басын бір шалып жүрдік. Ауыл шаруашылығы саласында түрлі реформалар қолға алынып, соның нәтижесінде бүгінде жеке кәсіпкерлік жолға қойылды. 

Біз де қарап жүрмей өзімізге тиесілі он гектар жерді игеру үшін «Азамат» шаруа қожалығын құрып, жұмыс бастадық Алғашқы жылдары егін егу үшін мақта зауыттарынан несие алуға мәжбүр болдық. Олардың қайтарымы қиын соқты. «Сыбаға» бағдарламасы қабылданып, 2013 жылы 8,5 миллион несие алдық. Техникаларымызды жаңалап, егін, мал шаруашылығын қатар алып жүруге қол жеткіздік. Өткен жылы қарыздан толық құтылып, жеңілдетілген жолмен, яғни, лизингпен трактор алдық. Бүгінде екі жүк көлігі, бір тракторымыз бар. Егістік алқапқа мақта, жем-шөп егеміз. Мал азығын өзіміз дайындаймыз. Әлі есімде, осыдан он жылдай бұрын ауылда аусыл ауруы белең алды. Ал, аусыл – ет импорттаушы елдерге үлкен қауіп. Ол кезде экспорт түгіл, бар малды сақтап қалу проблема еді. Міне, ауыл шаруашылығы министрлігі осындай дағдарыс жағдайында экспорттық әлеуетті арттыру жобасын нар тәуекелмен бастап, үлкен стратегиялық жоспарды жүзеге асырды.  

Бүгінде асылтұқымды мал саны жалпы мал санының 10 пайыз деңгейінен асты. Таза етті бағытта жұмыс істейтін фермерлердің саны 25 мыңға жуықтапты. Мұның бәрі біз сияқты шаруашарға берілген көмектің нәтижесі. Бір сөзбен, айтқанда, жеңілдетілген жол бизнеске жол ашты. 

Айбас ДОСЫМБАЕВ, 

«Азамат» шаруа қожалығының төрағасы. 

Шардара ауданы, Қоссейіт ауылы.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елде болса, ерінге тиеді
  • Жұмыспен қамту көрсеткіші жақсарды
  • Үшінші мегаполис зиялылары Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жиын өткізді
  • Әрекет» әлеуметтік кәсіпкерлік жобасына өтінімдер қабылданады
  • 23 августа стартует прием заявок на участие в конкурсе грантов «Әрекет»