Түлкібас ауданында төтенше жағдайдан зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіле бастады

Түркістан облысының Түлкібас ауданында төтенше жағдайдан зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсету шаралары қолға алынды. Осы бағытта аудан әкімі Нұрлан Байғұт жеке кәсібін ашамын немесе кәсібімді ұлғайтамын деген тұрғындарға қолдауды күшейту мақсатында «Жобалық кеңсе» құруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түлкібас-ауданы.jpg

Бүгінгі таңда осы мақсатта аудан әкімдігінің жанынан жобалық кеңсе құрылып, өз жұмысын бастап кетті. Ондағы қызметкерлер жеке кәсіп бастауға ниет білдірген азаматтардың қаржы ұйымдарына және екінші деңгейлі банктерден жеңілдетілген несие алуға жобасын дайындауға, құжаттарын рәсімдеуге көмек береді.

Бүгінде «Жобалық кеңсе» жұмысы жемісін беріп, нәтижесінде 48 тұрғын жобасын өткізген. Оның 12-сі қаржы ұйымдарына жолданды.

Бұдан өзге, аудан әкімінің төрағалығымен әр аптаның сейсенбі күндері «Жобалық кеңсе» мүшелерінің отырысы өткізіле бастады. Бұл басқосуда бір апта ішінде атқарылған жұмыстармен қатар кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсету механизмдері сараланады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұрат Әйтенов: жобалардың саны емес, жұмыстың нәтижесі маңызды
  • Фестивальдер мәресіне жетті
  • Шымкентте жаңа оқу жылы Абай өлеңін оқумен басталды
  • Конституция күні қарсаңында тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
  • 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты