Қалалық емхана қызметкерлерімен ашық кездесу өтті

Screenshot_8.jpg

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғанижан Асанұлы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында Түркістан қалалық емхананың жеке құрамымен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры жүргізген сауалнаманың қорытындысын жариялаған Ғ.Асанұлы Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары саланың бірі ретінде денсаулық сақтау саласының көш бастап тұрғандығын жеткізді.

Сауалнамаға қатысқан халықтың пікірінше, облыста сыбайлас жемқорлық фактілері дәрігерден ем алу, маман қабылдауында болу және медициналық анықтаманы алу барысында жиі кездесетіні анықталып, бүгінгі күні қала тұрғындарының тарапынан Департаменттің «Whatsapp» желісіндегі сенім телефонына қалалық емханаға қатысты арыз-шағымдардың көптеп келіп түсіп жатқандығын атап көрсетті. 

Соған сәйкес, Департаменттің бастамасымен алдағы бір ай көлемінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеп, емхана қызметкерлеріне арнайы жұмыс тобын таныстырды. 

Screenshot_9.jpg

Сонымен қатар, тексеруге келген қызметшілерге ақша жинап береміз деген теріс түсініктен аулақ болу қажеттігін және мекеме қызметкерлерінен заңсыз ақша жинау дерегі Департаменттің негізгі қызметіне жат құбылыс болып табылатынын жеткізіп, түрлі сылтаулармен басшылық тарапынан ақша талап етілген жағдайда, Агенттіктің 1424 Call-орталығына қоңырау шалу керектігін ескертті.

Жиында сыбайлас жемқорлықтың туындауына – тікелей пара беру фактілерінің ықпал ететіндігі атап өтіліп, жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы ұсынуы ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, 3 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға алып келетіндігі атап көрсетілді.

Шара соңында бүгінгі күні халықпен кері байланыс орнату мақсатында Департамент тарапынан арнайы taldau013@mail.ru электронды почтасының құрылғандығы хабарланып, осы көрсетілген мекен-жай арқылы әрбір азамат өз ұсыныстары мен талап-тілектерін ашық түрде жеткізуге мүмкіндік алғаны атап өтілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Технический надзор перепутали с авторским
  • Выявлено неправомерное применение норм интеллектуальной собственности
  • Жұмабек Кенжалиннің елжандылық мұраты ұлықталған шара
  • ҚaзҰУ әлeмдiк cтaндapттap дeңгeйiндe бiлiм бepетін оқу ордасы
  • ЖИТС-тің алдын-алу - басты мақсат