Түркістан қаласының жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

Screenshot_19.jpg

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Түркістан қаласының жер қатынастары бөліміне 2018 жыл мен ағымдағы жылдың 8 айындағы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша өткен кеңес барысында атап өтілді. 

Іс-шараға Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғ.Асанұлы, Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов, қала, аудан әкімдерінің жер қатынастары саласына жетекшілік ететін орынбасарлары, БАҚ өкілдері, арнайы мониторингтік топ мүшелері, аудандық және қалалық жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ жер кадастры бөлімдерінің басшылары қатысты.

Жүргізілген талдау мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде "қос стандарттардың" («двойные стандарты») болуын, оларды көрсету мерзімдерінің бұзылғандығын және жер комиссиясының жұмысындағы формализмді, тікелей байланыс тәуекелдері мен делдалдардың болуын, сондай-ақ мемлекеттік қажеттіліктер үшін жылжымайтын мүлікті алуға байланысты бірқатар кемшіліктерді анықтады.

Screenshot_20.jpg

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес, кез келген қызметтің нәтижесі азаматтарға белгілі бір мерзімде ұсынылуы тиіс. Дегенмен, сыртқы талдау барысында жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері қызмет көрсету мерзімін жиі бұзғандығы мәлім болды. 

Бұл ретте, қызмет көрсету барысында бірқатар азаматтардан негізсіз бас тартылса, бірқатар азаматтардың  өтініштері қанағаттандырылған.  

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында тікелей кеңсе арқылы құжаттарды қабылдау фактілері (мемлекеттік қызмет стандартында бұл көзделмеген) мен өтініш келіп түспей тұрып, қызмет алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін беру фактілері орын алған.

Отырыс қорытындысы бойынша Түркістан қаласының әкіміне анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюды жеке бақылауға алу, сондай-ақ анықталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау ұсынылды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Технический надзор перепутали с авторским
  • Выявлено неправомерное применение норм интеллектуальной собственности
  • Жұмабек Кенжалиннің елжандылық мұраты ұлықталған шара
  • ҚaзҰУ әлeмдiк cтaндapттap дeңгeйiндe бiлiм бepетін оқу ордасы
  • ЖИТС-тің алдын-алу - басты мақсат