Сауда ойын-сауық кешендері де қала экономикасында маңызды рөл ойнайды

2018_12_28_100738379700.jpg

Түркістан облыс орталығы болып бекітілген күннен бастап, экономикалық тұрғыдан барынша дамып келеді. Қалаға келетін туристердің де саны бастапқыдан біршама артап, тиісінше қала әлеуметіне елеулі үлес қосуда. Әсіресе бұл тұста туристерді қызықтыру мақсатында бірнеше ойын-сауық орталықтары бой көтеріп, ондағы кәсіпкерлер келуші туристердің арқасында бизнесін дөңгелетіп отырған жайы бар. Мәселен Мега-Сити сауда ойын-сауық орталық кешені қалаға кіріп келгендегі бірден көзге түсетін кәсіпорындардың алдыңғысы деуге болады. Мұндай ғимарат саудагерлерге жайлы орын, құтты мекен бола алды.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» айналмалы жолының бойында орналасқан сауда орталығының алаңы 15000 шаршы метрді құрайды. Құрылысы 2014 жылы басталған кешеннің жалпы құны 2,5 млрд. Теңгені құрайды. Ойын-сауық кешенінде шамамен 200 жергілікті тұрғын жұмыс істейді және күн сайын шамамен 800 адамға қызмет көрсете алады.

«Mega city» ойын-сауық кешені барлық заманауи талаптар мен технологияларға сәйкес салынған. Кешен аумағында қоғамдық тамақтану объектілері мен «MegaCinema» кинотеатры, балаларға арналған ойын алаңдары, сондай-ақ гипермаркет  бар.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды