Мейманхана туристер үшін қызмет етеді

2018_11_28_112609290700.PNG

Бүгінгі таңда қонақжайлылық индустриясы Түркістан экономикасының дамуының әлуеті және болашағы зор салалардың бірі болып танылып отыр.  Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп, халықтың танымдық деңгейін көтереді. Қонақ үй қызметтерінің сапасы өндірістік фирмалардың сапасынан шұғыл ерекшелінеді. Оның ерекшелігі қонақ үй кәсіпорынның өнімі бір уақытта өндіріліп – тұтынылатынында. Сондықтан да қала кәсіпкерлері қонақ үй кәсібіне аса ыждаһаттылықпен қарайды.

«KHANAKA» қонақ үйі Түркістанның орталығында, тарихи-этнографиялық мұражайдың жанында орналасқан, қонақ үйдің терезелерінен Қожа Ахмет Ясауи Кесенесі көрінеді. Қонақ үйдің жанында қаланың негізгі жолдары мен көптеген көлік жол айырықтары өтіп жатыр. Қонақ үйдің ішінде демалыс пен іскерлік кездесулерді өткізу үшін барлық жағдайлар жасалған. Мейманхананың лоббиі қонақ үйдің орталық холлында орналасқан. Бір күн ішінде ағымдағы істерді талқылауға мүмкіндік беретін сәнді, тыныш және жайлы орта.

Мейманхана жанында Арбат орналасқан. Бай тарихы бар, музыканттар, ақындар мен суретшілердің шабытын оятқан көшеде туристер әсіресе көп жүреді. Мұндағы әр үй – бір тарих. Жайлы орта, арбатты бойлай  серуендеу өте жақсы әсер қалдырады. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды