Түркістанда мүмкіндігі шектеулі азаматтар пьеса қойды

Screenshot_1.jpg

Қазақстандағы ерекше актерлердің алғашқы театры Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырылуда. Жобаның ұйымдастырушысы Ұлттық Дельфий Комитеті болып табылады. Гастрольдік сапарға шыққан өнерлі жандардың басын қосқан ұжым қоржынындағы 40-қа жуық қойылыммен еліміздің барлық аймағын аралауды жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық "Түркістан" газеті хабарлайды. 

Ал, облыс орталығы Түркістан қаласына арнайы келген шығармашыл жастар мәдениет үйінде «#Бұлттардың арғы бетінде» атты музыкалық пьесасын сахналады. Дайындық жұмыстарын мүмкіндігі шектеулі 50-ден астам актері бар театр труппасы мен режиссерлік-қойылымдық труппа бір ай бұрын бастаған. Қысқа мерзім ішінде театрдың елордалық филиалы актерлердің кастингін, шеберлік сағаттарын өткізіп, қазақстандық көрермендердің назарына ұсынатын толыққанды мюзиклді дайындап шыққан.

Ым-ишарамен сахналанған қойылым ғұмырының санаулы күндер қалғанына қарамастан арманынан алшақтамай өмір сүрген жас жігіт туралы оқиғаға арқау болған. Ғажайып деген оның өзі екенін білместен ғажайыпқа сеніп өмір сүруін жалғастырады! Осылайша ол айналасындағы адамдардың санасын өзгерте алады.

Құрам актерлік шеберлігін, хореография, сахналық бейне, ым-ишара тілінің шеберлігі және т.б. қырынан жетілдірілуді басты мақсатқа айналдырған. Ұйымдастырушылар аймақтардағы мүмкіндігі шектеулі дарындардың қойылымға қатысуын қамтуға да ниетті. Көрсетілімнен соң «еркін микрофон» ұсынылып, көрермендер қойылымнан алған әсерлерімен бөлісті. Шығармашылық табыс тілеп, жылы шыраймен сахна әлеміне алғаш қадам басқан актерлердің мағыналы ой салғандығына алғыс білдірді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістаннан шығыстың иісі аңқиды
  • Қонақжайлылық индустриясы қашан да актуалды
  • Дәмді асханалар көбеюде
  • Саяхатшылар үшін бюджетті хостел
  • Шағын мейманхана кәсібімен айналысушылар көп