Сапарбаев түнгі уақытта Қордай ауданындағы қауіпсіздікті тексерді

1fa810272c190a7c5f052c9f0a140a99.jpeg

Сенбі күні түнде Бердібек Сапарбаев Сортөбе, Масанчи, Қаракемер, Қарасу елді мекендерін аралап шықты. Сонымен  қатар вице-премьер Қарасу және Сортөбе шекара пункттерінің, оның ішінде сантариялық-эпидемиологиялық қызметтердің жұмыс барысын тексерді, деп жазды primeminister.kz. 

Б. Сапарбаев аудандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының жеке құрамымен сөйлесті.

Елді мекендердегі жағдай бірқалыпты. Күндіз жергілікті тұрғындарға енді тәртіпсіздіктің болмайтыны, жағдайдың бақылауда екені айтылған болатын. 

Көшелерде адамдар мен машиналар жоқ, ауылдардың арасында да еш қозғалыс байқалмайды. Нұр-Сұлтан қаласынан барған Үкімет комиссиясы жергілікті жердегі жағдайды бақылау үшін Қордай ауданында қалады.  

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды