Өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Screenshot_15.jpg

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы мен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар кеңесі арасында өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Аталған құжатқа қол қоюдағы басты мақсат жастар арасында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жоғары құндылығы адам болып табылатын әлеуметтік мемлекетті құруға бағытталған ауқымды институционалдық реформаларды жаңғырту мен жүргізуге арналған мемлекеттік бағытын қолдай отырып, жұмыс істейтін және оқитын жастар қатарынан партия мен кәсіподақтарға жаңа мүшелерді тарту, экономиканың жаңа салаларында бастауыш партиялық және кәсіподақ ұйымдарын құру болып табылады. Келісім бағыты жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша ұжымдық іс-шаралар өткізуді, жас отбасыларға, оқушыларға, студенттерге білім алуға, кәсіптік бағдар беруге, жұмысқа орналасуға, кәсіби өсуге, жұмыспен және тұрғын үймен қамтылуына және әлеуметтік қолдау көрсету және бұқаралық әлеуметтік, еңбек, мәдени, спорттық және басқа да жастар арасында іс-шараларды өткізуге көмектесу және ұйымдастыруды көздейді. Тараптар осы бағытта жүйелі өзара іс-қимыл мен сындарлы ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін екіжақты келісімге келді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды