Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

78e08f2a5ee5d744c7cdba12718d2874.jpg

Құрметті отандастар!

Еліміздің православ қауымын қасиетті Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мейірімділік пен жанашырлыққа үндейтін бұл мейрам қастерлі құндылықтарды дәріптейді. 

Христиан дінінің игіліктері адамға ізгілік пен қайырымдылық дарытады. Пасха мейрамы рухани бірлікті, шынайы бауырластықты нығайтуға жол ашады.

Бүкіл әлем қауіпті індетпен күресіп жатқан қазіргідей кезеңде барлық дін өкілдері үшін рухтың беріктігі мен өзара ынтымақтастықтың маңызы зор.

Халқымыз береке-бірліктің, парасат пен төзімнің арқасында кез-келген қиындықты абыроймен еңсереді деп сенемін.

Барша православ христиандарына және отандастарымызға мықты денсаулық, мол бақыт, толағай табыс тілеймін!

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елімізде бір реттік медициналық масканың бағасы арзандады
  • Түркістанға жеткізілген дәрілер арнайы алгоритммен таратылады
  • Нұрлан Нығматулин мен Мәулен Әшімбаев коронавирус індетінен құрбан болғандарды еске алды
  • Маңғыстау облысында бокстан 3 бапкер коронавирустан қайтыс болды
  • Атырауда газ құю стансасында көлік жарылды