ҰБТ: Асхат Аймағамбетов талапкерлерге сәттілік тіледі

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтанда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасындағы ҰБТ өткізу пунктінде болды. Министр талапкерлерді аудиторияларға кіргізу процесін бақылап, оларға сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Бірінші күні тек 6 512 талапкер емтихан тапсырады. Ведомство басшысы талапкерлерді аудиторияларға кіргізу процесін бақылап, оларға сәттілік тіледі. «Балалардың көңіл-күйі өте жақсы. Менің ойымша, атқарылған барлық шаралар – тестілеу тапсыру уақытын ұзарту, калькуляторларды пайдалануға рұқсат ету, мектептегі қорытынды емтихандардан босату және көптеген тегін байқау сынақтары айтарлықтай септігін тигізді. Аталған пунктіде ата-аналар барынша тәртіпті сақтап, балаларын тестілеу пунктіне әкелген соң бірден кетіп отырды. Бұл өте маңызды болып табылады. Еліміз бойынша таңғы сағат 8-де барлық балалар аудиторияларға кіргізілді, өйткені балаларды көшеде ұстамай, ҰБТ-ны уақытында бастау маңызды. Аудиторияларда да балалар әдеттегіден әлдеқайда аз және балалардың қауіпсіздігі үшін тестілеу тапсырылатын лектердің жалпы саны 5-тен 15-ке дейін ұзартылды. Санитарлық талаптар да толығымен сақталуда» , – деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды