Нұрлан Нығматулин мен Мәулен Әшімбаев коронавирус індетінен құрбан болғандарды еске алды

Парламенттің Мәжіліс және Сенат Төрағалары Нұрлан Нығматулин мен Мәулен Әшімбаев коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтарды еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

200713125711286a3672104i.jpg

Бүгін Мәжіліс пен Сенат ғимараттарындағы Мемлекеттік Ту төмен түсірілді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жалпыұлттық аза тұту күнінде Парламентте коронавирус індетінен құрбан болған азаматтарға арналған еске алу рәсім өтті. Парламенттің Мәжіліс және Сенат төрағалары Нұрлан Нығматулин мен Мәулен Әшімбаев барлық депутаттық корпус атынан коронавирус індетінен қайтыс болған қазақстандықтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары коронавирус індеті салдарынан туыстары мен жақындарынан айырылған қазақстандықтардың қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды