Шымкент әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Жаңа орынбасар еңбек жолын "Жас Алаш" газетінде тілші болып бастаған. Атырау облысы әкімінің орынбасары болған. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Шыңғыс Мұқан тағайындалды.  

155367.jpg

"Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды", - деп жазылған әкімдіктің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.  

Шыңғыс Мұқан 1984 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі. Ол Алматыдағы "Қайнар" университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын "Жас Алаш" газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы, "Жайық-пресс" ЖШС-інің бас директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ҚР президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, KazPetroDrilling АҚ-ның корпоративтік даму бойынша вице-президенті қызметтерін атқарған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды