Қарағанды әкімінің орынбасары ұсталды

Мамандандырылған прокурорлар және антикоррупция қызметі Қарағанды әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековке қатысты қылмыстық іс қозғады.

image.png

Шенеуніктің ұсталғанын антикоррупция қызметіндегілер растады және іс бойынша хабар таратты. Ведомствоның мәліметінше, Шалабековке қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алайда қай бап бойынша екені тергеу мүддесіне сәйкес айтылмады.

- "Қарағанды облысы мамандандырылған прокурорлар басқармасы Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғады. Жедел-тергеу тобының құрамында антикоррупция қызметінің мамандары да бар. ҚР ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің деректерін жариялауға болмайды. Оны прокурорлар рұқсат бергеннен кейін тергеуге қарсы келмесе және басқа да тұлғалардың заңнамалық мүддесі мен құқығын бұзбаса ғана айтуға болады", - деді антикоррупция қызметіндегілер.

image.png

Жақсылық Шалабеков Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып өткен жылдың ақпанында тағайындалған. 2011 жылдан бастап 2019 жылға дейін ол қаланың құрылыс бөлімін басқарды. Шалабеков әкімнің орынбасары болғанда жер пайдалану, қала құрылысы, сәулет, үйді және әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру мәселелеріне жетекшілік етті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды