Алматыда көктемгі марафон өтеді

28081545c8f85d3a0dbdba92746cecef.jpg

1200 әуесқой жүгіруші төмендегі екі қашықтыққа жүгіреді:

- 13 шақырым (негізгі);

- 3 шақырым (балалар қашықтығы).

Көктемгі жүгіру жарысының жас санаттары:

13 шақырым: 15-34 жас; 35-49 жас; 50+.

3 шақырым: 10-14 жас.

Абсолютті есептегі жеңіпаздар, 13 шақырым жүгіруден ең жүйріктері алқа және ақшалай сыйлықтармен марапатталса, ал өз жас санаттарында алғашқы үш орынға ие болған жүгірушілер серіктестерден алқалар мен сыйлықтар алады. Әр мәреші естелік алқаларға ие болады. Қатысушыларды тіркеу 25 ақпанда басталып, 10 наурызда немесе қатысушылардың жалпы саны 1200 адамға жеткенге дейін жалғасады.

Биылғы маусымдық жүгіру жарыстарының басты ерекшелігі – төрт жарысқа (қысқы, көктемгі, жазғы, күзгі) қатысу нәтижесі бойынша бір пирамидаға жинай алатын мәрешілер алқасының болуы.

Сонымен бірге, «Алматы марафоны» шарасына дайындық аясында әр сенбі сайын сағат 10.00-де Тұңғыш Президент Саябағында ашық жаттығулар өтеді. Қатысу тегін.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы