Көкшетауда ең үздік егіздер анықталды

2fe2cc484bc41c37e8226de0f76354e1.jpg

Бірінен бірі өнерлі балалар көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлады. Мектеп оқушыларын достары мен ата-аналары қолдай келді.

«Егіз балалар байқауы тұңғыш рет ұйымдастырылды. Онда жас шамасы әр түрлі балалар өзара сынға түсті. Егіздердің бір жұбы ұлдардан, бір жұбы қыздардан, ал келесі бір жұптар ұл мен қыздан тұрды. Кей егіздердің бір судың тамшысындай ұқсастығы сонша, тіпті айырып болмайды. Сахнаға түр әлпеттері ұқсас екі адам шыққанда, табиғаттың тамашасына таң қалмаған жан жоқ шығар», - дейді «Достар» мәдениет сарайы директорының халық шығармашылығы жөніндегі орынбасары Сәуле Қадіржанқызы.

Қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру», «Айна блиц-сұхбат», «Біз дарындымыз» аталымдары бойынша өзара сынасты. Егіздердің арасында тек қаладан ғана емес, ауданнан келіп қатысып жатқандар да болды.

«Балалар өздері жайлы сахналық көрініс арқылы да, бейнежазба арқылы да, өлеңмен де әңгімеледі. Ал, егіздердің бір-бірін қаншалықты сезініп, бір-бірін ыммен қаншалықты түсінетіні сынға түскенде, олардың басым көпшілігінің ұқсастықтары таңдандырды. Олар түстерді, жемістерді бірдей таңдап, дыбыс шығармай айтқан сөздерін емеурінмен түсінуі көрерменге күлкі сыйлады», – дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Айгүл Сәбитова.

Егіз балалардың барлығы дерлік өнерлі. Бірі биші, бірі күйші, енді бірі әнші екен. Ортаға шығып, өнерлерін көрсетті.

Дарынды да, талантты балалардың шоу бағдарламасы мәреге жетіп, нәтижесінде Адина мен Айару Еркін, Диас пен Ілияс Қайсар, Сұлтан мен Бексұлтан Қабдуәлилер талантты егіздер деп танылды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы