Эфиопиядағы апат: БҰҰ қаза тапқан қызметкерлерінің саны артты

ec5666012a9fd6c89e76be4cde185bef.jpg

Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырауы салдарынан көз жұмған Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметкерлерінің саны 19-ға жетті. 

Халықаралық ұйымның көші-қон жөніндегі (ІОМ) бас директоры Антонио Виторино мәлімдегендей, апаттан әуе кемесінің бортында болған барлық 157 адам қаза тапты. Олардың қатарында ІОМ-ның жас қызметкері Анн-Катрин Фейгл де бар. 

«Апаттан қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Алдын ала мәлімет бойынша БҰҰ-ға байланысты ұйымдардың 19 қызметкері қаза тапқаны белгілі», - деп жазды Виторино Твиттердегі парақшасында. 

Еске салсақ, Ethiopian Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Аддис-Абебадан Найробиге қарай бағытталған рейсті орындау барысында апатқа ұшырады. Лайнер әуеге көтерілгеннен кейін 6 минуттан соң жерге құлаған. Кеме бортында болған 157 адамның ешқайсысы тірі қалған жоқ. Апат салдарынан 30 астам елдің азаматы көз жұмды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы