Жетпіске жақындаған депутаттар енді зейнетақы қорындағы жинағына алаңдай бастады

519822.jpg

Гүлжан Қарақұсова  осы қордағы ақшаның оңды-солды жұмсалып жатқанына қынжылады. Ал жуырда Индустрия  және инфрақұрылымдық даму вице-министрі халықтың зейнетақы қорындағы қаржысы тұрғын үй құрылысына берілуі  мүмкін дегенді айтып қалды. Жалпы, бірыңғай жинақтау жүйесі қалай басқарылу керек?  Кейбір сенаторлар зейнетақы қорын бұрынғыдай жеке компанияларға беру керек дегенді айтады.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қазір  зейнетақы қоры электронды поштаға  осылай ай сайынғы мәліметті жіберіп тұрады. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша бірыңғай жинақтау қорында 9 трлн, 300 млрд теңгеден аса қаржы бар екен. Бұл әр қазақстандықтың, сіз бен біздің  ай сайынғы табысымыздың 10 пайызынан жиналған ақша. 

Мәжілістегі қаржы және бюджет комитетін басқаратын, 69 жастағы Гүлжан Қарақұсованың зейнетақы қорындағы жинағы көп емес екен. Өзінің есебі бойынша әрине. Әлдекімдер үшін ол едәуір ақша болуы мүмкін. Бірақ депутат жинағына емес, осы зейнетақы қорындағы ақшаның Үкіметтің жыртығын жамауға кететіне қынжылады.         

ГҮЛЖАН ҚАРАҒҰСОВА  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
“У нас же в ЕНПФ уже есть проблемы. Вот я этого опасаюсь. Как будет разделительная черта между вот этими функциональными обязанностями?"

Жақында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаевтың сөзі елді селк еткізді тағы. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысы енді жалға берілетін тұрғын үй құрылысына  жұмсалуы мүмкін, дейді.

ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ  ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
«Бүгінде көптеген әлем елдері жалға берілетін баспана құрылысына жеке инвестицияларды, банк ақшасын, зейнетақы қорындағы қаражатты құяды. Яғни, олар инвестор рөлін атқарады, баспана тұрғызып, оны жалға береді. Ал одан түскен ақша елдің кіріс бөлігіне түседі. Қазір Қазақстан барлық әлемдік тәжірибені зерделеп жатыр, түрлі позицияны қарастырамыз. Егер зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану тиімді болса, онда жұмсайтын боламыз". 

Алайда, бұл мәселеге кейбір депутаттар күмәнмен қарайды.  Зейнетақы қорындағы ақшаны қысқа мерзімді, тез қайтарылатын жобаларға салған дұрыс, дейді. 

МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
“Тұрғын үйден девиденд ретінде қайта ол ұзақ процес. Онда тұратын халық бар, олар қай уақытта қайтарады, қайтып қайтарады, бұл жерде барлық жауапкершілікті Үкімет мойнына алып отыр”.  

Парламенттегі пікірін ашық айтатын, жанталасып, лифтіге мініп, тілшілерден қашпайтын депутат Мұрат Бақтиярұлы тағы бір ой айтады. Зейнетақы қорларын бұрынғыдай жеке компанияларға беру керек. Сонда қазіргідей  зейнетақы қорындағы қаржыға мемлекет, Үкімет  көз алартпайды.

МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
“Зейнетақы қорлары біріктірілгеннен кейін мемлекет оның қаржысына араласа бастады. Осы кезге дейін талдайтын болсақ, зейнетақы қорының көптеген бөлігі бюджетті толтыруға кетті, бизнесті қаржыландыруға кетті, шетелдік облигацияға кетті. 0504 Зейнетақы қоры біреу емес, бірнеше болу керек. Және ол ең мықты жекеменшік басқару компанияларына берілу керек”.   

Экономистерден де сұрап көрдік. Егер зейнетақы қорын жекеге берсе бәсекеліктік туындап, халықтың таңдауы болады, бірақ мемлекеттің кепіл болғаны да дұрыс, дейді.

САПАРБАЙ ЖҰБАЕВ – ЭКОНОМИСТ: 
“Егер де салымшылар біз өзіміздің ақшамызды тәуекелі жоғары бағалы қағаздарға саламыз десе, онда өздері шешіп, сондай жеке құрғаны дұрыс деп есептеймін. Себебі бәсеке болу керек. Барлығы мемлекеттің қазіргі күнде біздің зейнетақы қорымыз мемлекеттің бюджетінің бір бөлігі болып қалды. Ал негізінен оның табиғаты басқаша. Ол халықтың ақшасы. Мемлекет оны бақылау керек та, ал тәуекелге барып, онымен жұмыс істеуді жеке меншік компанияға беруіміз керек. сонда бәсеке болады”. 

"Мемлекетке сенеді ғой, ал жеке компания өзінің мүдделерін ойлап кетуі мүмкін" 
"Было и в государственном и в частном управлении, и чего мы добились, ничего хорошего не было" 
"Жеке меншіктің қолына түскеннен кейін ондай үміт жоқ сияқты" "Говорят же что куда-то забрали, в Азербайжан или Грузию там. слышала".
«Жеке меншікте болған дұрыс қой ол, егер ол сақталса дұрыс, басқа Үкімет сияқты жан-жаққа жібермесе» 
 
Табан ақы, маңдай терімен тапқан табысының бір бөлігін болашаққа жинаған халықтың пікірі де әрқилы. Көбі болашақ үшін емес, қазір несие алуға, ипотека рәсімдеуге банк алдындағы ресми табысын дәлелдеу үшін зейнетақы қорына қаржы аударатыны да жасырын емес. 
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы