Түркістаннан Нұр - Сұлтанға

Screenshot_2.jpg

Елорда күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Қасиетті Түркістаннан нұрлы жолды Нұр-Сұлтанға» атты көрменің тұсауы кесілді. Ұйымдастырушы – «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі. Көрменің мақсаты- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында көрсетілген басты бағыттарды негізге ала отырып, Ұлы даланың рухани мұраларын таныту, насихаттау. Сол арқылы еліміздегі тарихи орындарға келушілердің қызығушылығын тудыру. Сондай-ақ бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне  енген Орта Азиядағы теңдесіз сәулет ескерткіші Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі мен сайыпқыран Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған  ХІV ғасырдың шырағдандары, тайқазан, лауһа (тудың ұшы) мұралары арқылы еліміздің тарихи-мәдени жәдігерлерін, тұңғыш Президентіміздің еліміз үшін атқарған ерен еңбегін насихаттау.

- 6 шілде - Елорда күніне орай қасиетті Түркістаннан Елордамызға өзіміздің шашуымызды алып келіп отырмыз. Көрменің тағы бір себебі -Түркістан қаласы облыс орталығы болғанына 1 жыл толып отыр. Өздеріңіз білесіздер Түркістан туристердің көп келетін орны. Түркістан - ежелгі қала, рухани астана, тарихы мол мекен. Көрмеге ең құнды жәдігерлердің бірқатарын алып келдік. Басқа жерде кездеспейтін түпнұсқалар біздің музейімізде сақтаулы. Сонымен қатар, Түркістан жайлы, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне қарасты ескерткіштер жайлы суреттер, деректі фильмдер, құнды кітаптар мен Диуани хикмет, қолжазбалар да алып келіп отырмыз,-деді "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.

         Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Нұр - Сұлтан қаласында ашылған көрме үш бөлімнен тұрады. Онда 60-тан аса жәдігер және деректі фильмдер, 3D тур, тұлғалар жайлы жинақ кітапшалар қойылған. Көрменің бірінші бөлімі Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған. Яғни, ХVІІІ ғасырға тән «Диуани хикмет» кітабының қолжазба және баспа нұсқалары, «Насабнама» шежіресі, ұлы тұлғаның шәкірттері С.Бақырғанидің «Диуан» қолжазба еңбегі, Шейх Худайдад Таш-Мухаммед әл-Бухаридің «Бустан уль Мухиббиннің» түркі тілінде жазылған қолжазба еңбегі, Ә.Науаидің «Ғазалдары», Софы Аллаярдың «Муслик ал-Муттакин», «Әулиенің өсиеттері» еңбегі, Қожа Хафиздің «Диуаны», Имам Мағрудидің «Қиссалары», Әулие Биделдің «Диуан» еңбектерімен қатар, Әмір Темір сыйға тартқан ортағасырлық ХІҮ ғасырдың құнды жәдігерлері - шырағданның тұпнұсқасы, лауха, тайқазан көшірмелері экспозициядан орын тапқан. Көрменің екінші бөлімінде Н.Ә.Назарбаевтың өмірінен сыр шертетін фотосуреттері қойылған. Сонымен қатар, Елбасының 1999 жылы Түркістанға келген сапарында қорық-музейге сыйға берген Құран Кәрім кітабы көпшілік назарына ұсынылды. Көрменің үшінші бөлімінде 19 ғасырда  жиһанкез А.Кунның «Түркістан альбомында» жарық көрген Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, ондағы Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған ХІV ғасырдың құнды жәдігерлері, Түркістан өңіріндегі тарихи-рухани орындарының фотосуреттер орналастырылған.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы