2020 жылы Павлодар облысында таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 54,1%-ға жетеді


Облыс әкімі Болат Бақауов атап өткендей, қазіргі таңда өңір елді мекендерін орталықтандырылған су құбырларына қосу жөнінде 53 жоба жүзеге асырылуда.

"Биыл олардың 36 жобасы тапсырылады. Сапалы ауыз суға қосымша 30 мың адамның қолы жетеді. Нәтижесінде таза сумен қамтылған елді мекендер көрсеткіші 40%-ға жетеді. 2020 жылы 30 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 9,8 миллиард теңге бөлінді. Қосымша 15 жобаға 11 миллиард теңге қажет. Үкімет аталған жобаларға қолдау білдіріп, олар жүзеге асырылған жағдайда келесі жылы облыстың таза ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 54,1%-ға жетеді", - дейді Болат Бақауов.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы