Түркістан көркейіп келеді

Screenshot_10.jpg

Туризм саласында - тазалық өте үлкен рөл ойнайды. Таза жер береке шақырып, ырзық-несібені арттырады. Осыған орай, Ер Төстіктей зор қарқынмен өсіп келе жатқан Түркістан қаласында абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында, облыс әкімінің тапсырмасымен қала аумағы 16 секторға бөлініп, «Яссы» мөлтек ауданындағы 8-ші секторды дамыту — облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Төлеби ауданының әкімдігіне және Түркістан қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне жүктелген болатын.

Бірлесе атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қазіргі уақытта, 8-ші сектор аумағында орналасқан Р.Есетов атындағы №20 мектептің алдындағы И.Мұсақұлов көшесі толық асфальтталып, көше бойына оқушылар жүретін аяқ жол жабыны (брусчатка) төселді. Сондай-ақ, жол жиегіне жарық шамдары орнатылды.

Атқарылған игі іске өңір тұрғындары мен балғындары дән риза. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтан жас ұрпаққа барлық жағдайды жасай беруіміз қажет.

Алдағы уақытта 8-ші секторды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі