Шөкеев: «Жалпы республикада қарапайым заттар экономикасы бойынша біз көш басында келеміз»

Түркістанда өткен көшпелі жиында инновациялық және кәсіпкерлік даму мәселелері талқыланды

Түркістан облыс әкімдігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысы болып өтті.
Жиында елдің аумақтық-кеңістікті дамуының болжамды схемасын әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ индустрияландыру және жаңа технологияларды енгізу аясында ядролық өнеркәсіп саласындағы заманауи технологияларды дамыту мәселелері талқыланды. Жиында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Джақсыбеков көпшілікті еркін пікір алмасуға шақырды. 

Сондай-ақ облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдегі кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. 

«Бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді қарауымыз қажет. Бизнес өкілдерімізге де керекті кеңестер береміз. Осы жерде тыңдап, тиісінше шешу барысын қараймыз. Бізде 2 миллионға жуық халық тұрады. Оның ішінде 140 800 субъект шағын және орта кәсіпте жұмыс істейді. Өсім жақсы. Бүгінде өнім көлеміде артып келеді. Бизнес өкілдерімен жиі-жиі кездесіп тұрамыз. Елбасымыздың бастамасымен құрылған қарапайым заттар экономикасының жобасы облыста тиісті деңгейді іске асуда. Бұл бағытта 220 жоба жинақталды. Жалпы республикада қарапайым заттар экономикасы бойынша біз көш басында келеміз», – деді аймақ басшысы. 

Сондай-ақ инвестициялық өсім мен инновацияға бағытталған жұмыстар бойынша да кең көлемді мәлімет беріліп, облыстағы кәсіпкерлердің жайы мен ауыл шаруашылығындағы мәселелерге жан-жақты тоқталды. Басқосуда облыстық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер экспортты ұлғайту, бизнесті дамытуға берілетін көмек, жайылымдық жер жайы, субсидия, жеңілдетілген несие беру, мақта шаруашылығы, тарифтерді төмендету секілді мәселелерді ортаға салды. 

Мәжілісті қорытындылаған сенатор Серік Рыскелдіұлы қысқа уақытта Түркістанның сәулетті шаһарға айналғанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар Арыс қаласында үш айда жүргізілген жүйелі де жемісті жұмыстардың нәтижесіне жоғары бағасын берді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі