Транзитті қадағалау бойынша навигациялық пломба енгізу жобасы әзірленуде



Кедендік операциялар барынша жеңілдетілді. Бұл 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылатын жаңа кедендік заңнама мен "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесін енгізудің арқасында мүмкін болды, деді МКК жедел бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Қадыр Ысмағұлов.

Сондай-ақ, транзиттік жүктерді бақылау тәуекелдерді басқару жүйесі мен техникалық құралдарды бақылау нәтижелері шеңберінде ғана жүзеге асырылады. Егер жүйе тексеруге ұсыныстар бермесе және инспекциялық-тексеру кешендері сәйкессіздіктерді анықтамаса, онда транзиттік жүктер кідіріссіз маршрут бойынша жүреді.

Алайда, заңнаманы бұзған бизнес субъектілері де бар. Осы жылдың 9 айында 842 заң бұзушылық анықталып, тауарларды транзиттік тасымалдау кезінде 72,5 млн теңге айыппұл салынды. 

Еуразиялық экономикалық одақ бойынша әріптестермен транзитті қадағалау бойынша навигациялық пломба енгізу жобасы әзірленуде. Мұндай пломбаларды қолдану кедендік рәсімдерді қосымша жеңілдетуге мүмкіндік береді және тексеру және физикалық сүйемелдеу түрінде бақылаудың физикалық шараларын алып тастау есебінен бизнеске әкімшілік жүктемені азайтады, - деп атап өтті Қадыр Ысмағұлов.


Пилоттық жоба қазірдің өзінде Қазақстан мен Ресейдің кеден органдары арасында өткізілді. Енді ЕАЭО-ның басқа елдерінің қатысуымен көпжақты пилотты өткізу жоспарлануда, деп атап өтті спикер.  

Сонымен қатар, TIR EPD жүйесі бойынша алдын ала ақпарат беретін және шектес тарапта ХЖТ жүйесін ашатын тасымалдаушылар үшін транзит жетілдірілуде. Атап айтқанда, мұндай тасымалдаушылар үшін өткізу пункттерінде жекелеген қозғалыс жолақтары ұйымдастырылды және тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша оңайлатулар бар, деп қорытындылады сөзін Ысмағұлов.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда алғаш рет туристік ақпараттық әуе толқыны іске қосылды
  • Шымкенттік студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы дебат өткізді
  • Транзитті қадағалау бойынша навигациялық пломба енгізу жобасы әзірленуде
  • Шымкент базарларында ұрланған ет сатылған
  • Белсенді қозғалыс - салауатты өмір салтының негізі