Қазақстанда алғаш рет туристік ақпараттық әуе толқыны іске қосылды


Енді көне шаһарға келген меймандарға өңірдің туристік әлеуеті туралы ақпар әуе толқыны арқылы таратылады. Инновациялық жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Туристік ақпараттық аудио роликтер радиотолқыны арқылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде трансляцияланады. Осы арқылы туристер негізгі тарихи-мәдени нысандар, қонақ үйлер, шипажайлар мен тамақтанатын орындар туралы қажетті мәліметтерді біле алады. Әуе толқындарының таралу аумағы 7 шақырымды құрайды.

Алматы және Шымкент қаласынан кіреберіс қақпаларда орналасқан радиотолқындар арқылы туризм туралы жақсы ақпарат берілетін болады. Сондықтан да бұл жоба ұзақ мерзімді. Біз келесі жылы бұл жобаны әрі қарай көлемдеуге тырысамыз, - дейді облыстық туризм басқармасының басшысы, Қарлығаш Аралбекова.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі