Түркістандық баскетболшы қыздар топ жарды

Screenshot_8.jpg

Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастардың қолында. Десе де, оларға әрмен қарай дұрыс бағыт-бағдар беретін – ата-анасы мен ұстазы. Қаншама уақыт кеткен еңбек бағаланып келеді. Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы ортамектептің 8-сынып оқушылары баскетбол ойындарынан республикалық бәсекеде алтын алқа иеленді. Бұл туралы қалалық "Түркістан" газеті. 

Бүгінде мектепте 1648 оқушы тәрбиеленуде. Білім шаңырағынан шыққан майталмандарды қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Букебаев пен мектеп директоры Марина Тәукебаева оқушылар алдында марапаттап, мәртебелерін көтерді. Мұндағы басты мақсат – басқа буын өкілдеріне салауатты өмір салтын қалыптастыруға үгіт жүргізу. Мектептің ғана емес, облыстың атын асқақтатқан жеңімпаздарда жаттықтырушысының да еңбегі зор.

Шәкірттермен бірнеше жыл бұрын таныспыз. Ең алғаш осыдан 2 жыл бұрын жаттығу жұмыстарын бастаған болатынбыз. Бастапқы бәсекеміз Мақтаарал ауданындағы турнир болды. Алғашқыда қола, сосын күміс, енді алтын алқа иеленіп отырмыз. Қазір қыздар 8-сынып оқушылары. Бұл үлкен жетістік деп білемін, – деді Н.Төреқұлов атындағы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Рүстем Ибрагимов.

Байрақты бәсекеде облысымыздың атын асқақтатқан қол добы шеберлері спортты жандарындай сүйеді. Өйткені, олар спортпен шұғылданған адамның денсаулығы мықты, оқуға деген ынтасының мол болатындығына сенімді. Солардың бірі – Жания Жұбаныс. Оқу озаты баскетбол ойынына 10 жасынан бастап қатысқан. Осы бағытқа жетелеген, талмай еңбек еткен жаттықтырушысына өз алғысын білдірген баскетболшы қыз допты себетке тастаған сәтте ерекше күйге енемін дейді.

Сонымен қатар, өз ептіліктері мен шеберліктерін көрсете білген қатысушылар сайыстың тартысты өткендігін тілге тиек етті. Мектеп әкімшілігі спортпен шұғылдануға деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Дене шынықтыру» онкүндігін жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен бастады. Әрмен қарай, баскетбол, волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі сынды спорттық сайыстар өткізілетін болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық баскетболшы қыздар топ жарды
  • 1981-1996 жылдары туған адамдардың ерте көз жұмуы мүмкін екені айтылды
  • Нұр-Сұлтанда Good bar түнгі клубы өртенді
  • Қазақстанда алғаш рет туристік ақпараттық әуе толқыны іске қосылды
  • Шымкенттік студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы дебат өткізді