Калифорния жағажайы мүше-балықтарға толып кетті

Калифорния жағажайы мүше-балықтарға толып кетті                                            

                        
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
                   
         

АҚШ-тың Калифорния жағажайында эхуирид классына жататын теңіз құрттары қаптап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жағдай әлеіметтік желі қолданушыларын шулатып жіберді.

Эхиуридтар балықтарға емес, құрттарға жатқызылады екен. Ал бұл құрттардың формасы ер адамдардың жыныстық мүшесіне ұқсайтындықтан кейде оны мүше-балық деп те атайтын көрінеді.

Негізінен теңіз құрттары құмның астында мекен етеді, дегенмен Дрейкс-Бич жағажайында жақында қатты дауыл болған, сол себепті құрттар құм бетіне шығыпты.

"Келесі жолы жағажайға барған кезде сіздің айналаңызда бірнеше мың шұжық жатыр деп есептеңіз", - деп жазыпты желі қолданушыларының бірі.

"Иә, теңіз құртының түрі сұрақ туындатаны сөзсіз. Мүмкін сол себепті бұл құрттар жер асытнда өмір сүретін шығар", депті биолог Иван Парр әлеуметтік желі парақшасында.

Ғалымдардың айтуынша, бұл құрттар Жер бетінде 300 миллион жыл бұрын пайда болып, содан бері өмір сүріп келеді. Құрттардың өмір ұзақтығы 25 жыл құрайды.

Калифорниялық мүше-балықтың туыстас түрлері Азияда мекендейді екен. Корея халқы бұл құрттарды тағам ретінде пайдаланатын көрінеді


Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

     


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі