«Жастар жылы» еліміздегі жастарға көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Соның бірі кәсіпкерлік. Елбасының бастамасымен биыл жас кәсіпкерлерге арнайы бағдарлама бойынша қаржы берілетін болатын. Бұл жаңалыққа әсіресе түркістандықтар қатты қуанды. Облыс орталығында жас кәсіпкерлер осы қаржыны конкурста ұтып алып, іске кірісуде. Солардың бірі Мақсат Махмұджан. Ол Қытай елінде жоғары білім алған.
Жас кәсіпкер өзінің тың жобасын жүзеге асыру үшін қала әкімідігінің кәсіпкерлік бөліміне қажетті құжаттарын ұсынған. Нәтижесі жоқ емес.
- Елбасының биылғы Жолдауында «Жастар жылы» деп жариялануы тектен-тек емес. Қасиетті мекен былтыр облыс орталығы атанды. Бүгінде қаламыздың экономикасы дамып, кәсіпкерлік саласы күн санап өсе түссе, құрылыс, тұрғын үй бағдарламасына сәйкес жұмыстар қарқынды атқарылуда. Қаланы шырайландырып абаттандыру ісі бір сәт те дамылдаған жоқ. Қала көшелері реттеліп, оны талапқа сай жөндеу жұмыстары жалғасып келеді. Осы мақсатта қаладағы жүріп жатқан құрылыстардың ғимараттарына жаңаша келбет беру ісі ойымда жүрген болатын. Сонымен қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміне мемлекеттік «Инновациялық гранд» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысып, өз жобамды сәтті қорғап, тиісті 3 миллион теңгені жеңіп алдым. Ондағы мақсатым қала көлемінде алғаш рет жаңадан салынып жатқан ғимараттардың сыртын әрлеу яғни, «Фасад декор» жасайтын боламыз,-дейді Мақсат Махмұджан.
Ендеше, мақсатқа сәттілік тілейміз!