Қазығұртта тындырымды тірлік көп

Screenshot_26.jpg

Қазығұрт ауданында тұрғындардың руханиятын байыту мақсатында 23 мәдени мекеме халыққа қызмет көрсетуде. Атап айтқанда:  аудандық мәдениет сарайы, 7 ауылдық мәдениет үйі,  15 ауылдық клуб бар. Яғни, қазығұрттық таланттардың шырағын жағуға мүмкіндік мол.  Мысалы, жыл басынан бері аудан бойынша – 430  мәдени іс- шара өткізілген.  

 Балада сұлулыққа құштарлық, жақсыны көрмекке ұмтылыстың болғаны маңызды дағды.  Қазығұрт ауданында «Жұлдыз болғым келеді» балаларға арналған ән байқауының ұйымдастырылуы балаларды қоғамда толыққанды сезінуіне жол аша білді.  Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық  мақаласы аясында «Ұлы дала қыранымыз» жас жазба ақындар мүшайрасы өткізілді. Қазығұрттан қуат алған дарабоз ақындардың ізбасары сөз маржанын жіпке тізіп елге ұсынса, зор қуаныш болары хақ.  Шексіз қоғамда осы сәтте бар болып өмір сүру – әлем көз тіккен меже. Соған орай ауданда ерекше балаларға арналған «Біз бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз»  атты  байқау өткізілген. Жыл басында атқарылған бұл шаралар жас буынның ой көкжиегін байытушы фактор. 

Қазығұртта сәуір айынан бастап мәдени іс- шаралар онлайн режимінде өткізіліп келеді.  «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» атты аудандық жас ақындардың онлайн жыр  мүшайрасы ұйымдастырылған. Мүшайра Абай Құнанбайұлына арнап жазылған жырлардың ойы ұшқыр, жүйрігін сұрыптаған. Аудандық мәдениет сарайында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Желсіз түнде жарық ай» атты әдеби- сазды кеш өткізілген.  Абайдың өлеңдерін және қарасөздерін мәнерлеп оқу, әндерін айту бойынша  Жаңабазар, Қызылқия, Қақпақ, Шарапхана, Шарбұлақ, Рабат, Көкібел, ауылдық мәдениет үйлері,   Атбұлақ, Тұрбат, Қаржан, Алтынтөбе, Еңбекші, Жігерген және басқа да  ауылдық клубтары челлендждер  түсіріп, әлеуметтік желілерге салды. Әлем мобилді қоғам құруға бет бұрған тұста мәдени қызметкерлердің онлай режимге оңай бейімделгені көңіл сүйсіндіреді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі