Мейірім шуағы төгілген күн

61470345_1018045925252366_4649448461815513088_n.jpg

Әлемде тепе-теңдікті сақтап тұру үшін – мейірім қажет. Мейірім болмаған жерде хаос орнайды. Дүние өз гармониясынан айнып, құлдырау үрдісі жүреді. Мейірім болмаған жерде өмір де жоқ.

Мейірімге ең мұқтаж жан – балалар екені белгілі. Бала – кіршіксіз, бала – пәк, бала – қулық-сұмдықтан ада тіршілік иесі. Бала күлкісі естілген жерде мереке мен береке һәм шаттық орнайды. Бүгін шаттық толы гармониялы өмір Түлкібаста әдеттегідей жалғасын тапты. Аудандық мәдениет сарайында 1 маусым балаларды халықаралық қорғау күніне орай аудандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара болып өтті.

Шарада аудан әкімі Н.Тұрашбеков еліміздің ертеңі, болашағы болатын балаларды алда келе жатқан мерекемен құттықтап, денсаулықтарын түзеп, өз қатарларына қосылып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын азамат болып өсулеріне тілек білдірді. Сонымен қатар барлық уақытта мемлекет тарапынан балалардың тұрмыста кемдік көрмеуін, қатарынан қалмай балалық шағын қызықты өткізу үшін барлық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Іс-шарада балғын балалар мүмкіндігі шектеулі болса да, өз өнерлерін ортаға салып, қалың көпшілікті жүрегін елжіретті. Олар ән айтты, би биледі, тақпақтарды жатқа оқыды. Жиналған қауым бар ықыласымен балаларды өнерін тамашалап, тәнті болды. Жиын соңы аудан әкімдігі тарапынан дайындалған естелік сыйлықтар балғын балаларға таратылды.

Жалпы ауданда бүгінгі таңда 18 жасқа дейінгі 694 мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Олардың сауығуына, бос уақыттарын тиімді өткізуіне, емін-еркін жүріп-тұруына, балалардың демалыс лагерлерінде демалуына, жоғары оқу орындарына түсуіне, оқу-құралдармен қамтамасыз етуге жұмыстар жүргізіліп келеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті
  • Мақтаралда 5 мектепте IT сыныптары ашылды
  • Түнгі Иірсу көшелері сүттей жарық болады
  • Көпбалалы ана жиһаз цехын іске қосты
  • Ауыл клубтары қайта жаңғырады