Түлкібаста қоныс той көбейеді

Screenshot_5.jpg

«Үйі жоқтың – күйі жоқ» дейді. Расында үйі жоқ адам дүние жинай алмай, тұрмыстық қиындықтар тарту қаупі жоғары. Себебі, тапқан-таянғанынің көп бөлігі пәтерақысына кетеді. Пәтер иесінің көңіліне қарап, еркін жүріп-тұра алмайды. Осының салдарынан оның бойында әлеуметтік-психологиялық комплекс пайда болады. Мойнына су құйылып, еңсесі езіліп жүрген адам қоғамға ештеңе бере алмайды. Сондықтан да, бұндайға жол беруге болмайды. Мемлекет әлеуметтік жағынан аз қорғалған, әр түрлі әлеуметтік топтағы азаматтарды үймен қамтамасыз етсе – бұл оларға жасалған зор мүмкіндік болады.

Бұл үдеден Түлкібас ауданы шығып келеді. Мұнда аудан тұрғындарымен пәтермен қамтамасыз ету басты назарда тұр. Бүгін аудан әкімі Н.Тұрашбеков аудан орталығында соғылып жатқан көп қабатты тұрғын үй құрылысын аралап, сапасын тексерді.

2018 жылдың аяғында аудан бойынша жалпы тұрғын үй кезегінде тұрған 158 жанұяға жаңа пәтер кілттері табысталған болатын. Бүгінгі таңда тұрғын үй алуға өтініш берген азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ауданда жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.Аудан орталығындағы Бағысбаев пен Пушкин көшелерінің қиылысынан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдаралама аясында соғылып жатқан 24 пәтерлік №2 үй, 32 пәтерлік №3 үй, және 64 пәтерлік №1, №3, №6, №7 үй құрылыстары қарқынды жүруде. Қазіргі уақытта 64 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді.

Сонымен қатар, Састөбе кентіндегі Жібек жолы көшесіндегі 64 пәтерлік №1 көп қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында аудан әкімдігі тарапынан толық құжаттар дайындалып, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсында жарияланды. Мердігер мекеме анықталған жағдайда құрылыс жұмыстары биылдан қалмай іске асатын болады.

Алдағы уақытта Түлкібас ауданында қоныс тойлар көбейетін күн алыс емес.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті
  • Мақтаралда 5 мектепте IT сыныптары ашылды
  • Түнгі Иірсу көшелері сүттей жарық болады
  • Көпбалалы ана жиһаз цехын іске қосты
  • Ауыл клубтары қайта жаңғырады