Аудан әкімі спорт нысандарының жай-күйімен танысты

Screenshot_8.jpg

Түлкібас ауданында тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған жұмыстар жоғарғы деңгейде іске асуда. Мұнда спортпен шұғылдануға арналған нысандар саны жылдан жылға артып келеді.

Бүгін аудан әкімі Н.Тұрашбеков аудан орталығындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жанындағы күрделі жөндеу жұмыстары басталған күрес залының құрылысын тексерді. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Көптен бері жөндеуді қажет ететін аталмыш нысанда спортшы жастарға барлық жағдай жасалынбақ. Яғни, киім ауыстыру бөлмелері мен душ қабылдау бөлмесі және өзінің бөлек жылу жүйесі қарастырылмақ.

Бұдан соң аудан басшысы аудан орталығындағы Жанкент мөлтек ауданындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан соғылып жатқан заманауи кіші футбол аланшасын аралады. Аталмыш нысанның құрылысы аудан әкімдігінің және облыс мәслихатының депутаты Ө.Есейдің ұйытқы болуымен «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауының арқасында іске асуда. 

Қазіргі таңда кіші футбол алаңымен Стрит воркаут алаңшасы және ойын алаңшасының құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Алаңдардың құрылыс жұмыстары аяқталып іске қосылған жағдайда мөлтек аудан жастарының бос уақыттарын тиімді пайдаланып, спортпен шұғылдануға бағытталған үйірмелер ашылылу жоспарлануда. 

Аудан басшысы нысандарды аралап болған соң, құрылысқа жауапты мердігерлер мен бөлім басшысына нысандардың сапасын жоғары бақылауда ұстап, жоспарланған уақыттан кешіктірмей ел игілігіне пайдалануға беруді тапсырды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті
  • Мақтаралда 5 мектепте IT сыныптары ашылды
  • Түнгі Иірсу көшелері сүттей жарық болады
  • Көпбалалы ана жиһаз цехын іске қосты
  • Ауыл клубтары қайта жаңғырады