Талғат Қаржауов: «Бірлігі бекем елдің іргесі берік болады»

1585051735515521.jpg

Қаржауов Талғат Рахматуллаұлы, «Росазиянефть» ЖШС директоры:

-Дәл қазіргі кезең - баршамыздың адамдық борышымыз бен азаматтығымыз сыналатын сәт. Аты жаман кесел жаһанды жаулаған сәтте қазақ елі бір жеңнен қол, бір жаңадан бас шығара білуіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды өзінің тікелей бақылауында ұстап келеді. Соның тағы бір айғағы жақында жариялаған үндеуі болып табылады. Онда елімізге төнген қауіптің алдын алу жолдары мен сақтық шараларының барынша күшейген режимі енгізілген. Әлемнің өзге елдеріне көз тастасақ, барлығы азық-түлік тапшылығы деп дүкендер мен сауда қатарларын жаппай саудаға салуда. Біздің елде мұндай жағдай орын ала қоймады. Осының өзі мемлекет тарапынан дер кезінде әрі дұрыс берілген дерек көздерінің арқасында білемін. Бүгінгі таңда барынша сақтық шараларын сақтау арқылы біз өз тағыдырымызбен қоса, өзге де адамдардың өмірін құтқара аламыз. Қазақстанның бір азаматы ретінде мен де өз үлесімді қосып, Түркістан облысында ашылған қорға 1 млн. 200 мың тг қаражат аударуды ұйғардым. Басты мақсатым – осы қиын сәтте облыс дамуына өз үлесімді қосу.

Біздің бірлігіміз арқылы талай тірліктің түйіні шешілетінін ұмытпайық!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шаян көркейіп келеді
  • Түйе шаруашылығы жандануда
  • Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтті
  • Қаржыландырылған жобалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
  • Отырар ауданында 50 МВт күн электр станциясының құрылысы басталды