Азық-түлік-тұрмыстық жиынтығы берілуде

Screenshot_6.png

Түркістан облысында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдайға байланысты ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында облыста 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтарға азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету үшін өтемақы ретінде 5567 теңге берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді. 

Облыс бойынша сәуір-мамыр айларында 160,6 мың адам 1,8 млрд.теңгеге азық-түлік-тұрмыстық жиынтығымен қамтылған. Ол топқа жататындар: атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар; медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар; медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер; мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар; жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар. Қосымша ағымдағы жылдың 20 шілдесінен бастап айдың соңына дейін аталған санаттағы азаматтарға азық-түлік-тұрмыстық жиынтығы берілуде.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Марат Архаров шектеу шаралары кезіндегі мүгедектіктің тағайындалуы мен танылуы жайын сөз етті. Сонымен қатар, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бегман Нұрмаханов шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізімін және талаптарға сәйкес келуін жұмыс беруші айқындайтынын айтты. Жұмыс беруші Қағида талаптарын сақтамаған жағдайда жұмысшы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға арыздануға болатынын жеткізді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шаян көркейіп келеді
  • Түйе шаруашылығы жандануда
  • Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтті
  • Қаржыландырылған жобалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
  • Отырар ауданында 50 МВт күн электр станциясының құрылысы басталды