Түлкібас: Астық ору науқанын басталып кетті

image.png

Түркістан облысындағы астықты  алқаптардың бірі саналатын Түлкібас ауданында  бидай ору маусымы басталды. Осынау науқанға білек сыбана кіріскен аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен.

Түлкібас ауданының дихандары 2019 жылдың күз айларында 2020 жылы 10 545,0 гектар жерге күздік бидай, 2020 жылдың көктемінде 4 607,0 гектар жерге жаздық бидай, 9 227,0 гектарға арпа мен 12 398,0 гектар жерге мақсары дақылы егілген.

Бүгінгі күнге 7000,0гектар орылды. Оның ішінде 5500,0 га арпа және 1500,0 га бидай. Мамандардың пайымдауынша биылғы жылы масақты дәнді дақылдардың өнімділігі жоғары.

Арпа гектарына 22,0-25,0 центнерді құрауда, ал бидай орта есеппен 24,0-27,0 центнерге дейін өнім беруде. Ал, мақсарының бүгінгі күнге пісіп-жетілмеуіне байланысты тамыз айының екінші жартысында өнімі жинала бастайды.

Айта кетерлік, Түлкібас ауданында 1830 шаруа қожалық арпа, бидай, мақсары дәнді дақылдарын егіп, оларды жинау жұмыстарына 83 комбайн және 114 трактор техникасын жұмылдырып отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады