Түлкібастықтар орталық ауруханаға 10 дана оттегі концентраторын тарту етті

image.png

Қиын-қыстау кезеңде бірін-бірімізге қолдау көрсету қайсымыздың болмасын азаматтық борышымыз. Әсіресе ел басына күн түскенде қолғабыс болатын азаматтар бұл қоғамда кем де кем. Солардың бірі Түлкібас ауданындағы жаны жайсаң азаматтар халық денсаулығына тапшы болып жатқан 10 дана оттегі концентраторын  аудандағы орталық ауруханаға тарту етті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабардар етті.

Оларды атап айтар болсақ, Түлкібас ауданының тумалары «Жігіттер» квартетінің продюсері Ерғали Абдраймов оттегі концентраторының 5 данасын және «Nur Max» құрылыс компаниясының директоры Лесалы Абзал есімді азамат 5 данасын тарту етті.
Аудан тумалары қандай да қиын кезеңде болмасын туған жерлеріне қолдау көрсетіп, қол ұшын созуға дайын екендіктерін жеткізіп, ақ халатты абзал жандардың жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ өңірде бүгінде індет жағдайы бірқалыпты. Ауруханалардағы науқастар саны да біршама азайып, жағдай толықтай бақылауға алынған. Жергілікті өкімет те карантин шаралары мен дезинфекцияны толықтай қолға алған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады