Сарыағаш: Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі актуалды

2018 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 67,9 млрд теңге ...

Сарыағашта биыл халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда болып отыр. Тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейі маңызды талаптардың бірі. Ауыз сумен қамту бойынша 2019 жылдың соңында барлық 71 елді мекеннің құбыр сумен қамтылғаны 36  елді мекен немесе 50,7 пайыз құрады.

2020 жылдың 7 айында Тегісшіл және Мәдениет елді мекендері сумен қамтылып,  сумен қамтылған 38 елді мекенді құрап 53,5 пайыз. 2020 жыл соңына дейін 5 нысанның құрылысын аяқтап тапсыру жоспарлап, 41 елді мекенге көбейіп, елді мекен санымен 57,7 пайыз ауыз сумен қамтылатын болады.

Қазіргі таңда 2 елді мекенге таза ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылыс жұмыстарына қаржы бөлініп, мердігер анықталды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айынан бастады, 2021 жылға өтпелі. Құрылысы аяқталғаннан кейін сумен қамтылған 43 елді мекен, 60,5 пайыз құрайды.

 Аудандағы 2 елді мекенге Салалық басқармаға құрылыс жұмыстарын 2021 жылы жүргізуге республикалық бюджеттен қаржы бөлдіруге тапсырылды.  3 елді мекенге ауыз сумен қамтамасыз етуге жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен тиісті қаржысы бөлініп, жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады