Сарыағаш: Ауданды жарықтандыру бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілуде

image.png

Сарыағашта елді мекендерді абаттандыру және жарықтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстары біршама.

Жұмыспен қамту жол картасы аясында Жылға а/о, Жылға е/м орталық көшелерін абаттандыру­ және жарықтандыруға республикалық бюджеттен 549 920,0 мың теңге қаржы қаралып мердігер «ВИК» ЖШС жеңімпаз деп танылған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысан құрылысы жыл соңына пайдалануға берілу жоспарланған.

 Ауданды жарықтандыру бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, аудандағы 2 нысанның құрылысына да жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлінді.

Атап айтсақ, Ақжар а/о Ақжар е/м Т.Орынбаев, Ешмат ата және Д.Қонаев көшелерін 419 572,0 мың теңге бөлінсе, Дербісек а/о Дербісек е/м Д.Ордабаев, Т.Абдахимов, А.Құралов. О.Мамбетов көшелеріне 463 071,0  мың теңгебөлініп, тиісті құжаттары қаржы бөлуге салалық басқармаға тапсырылды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады