Сайрам: 1 алқаптан 2 өнім алу ісі өнімді

Сарыағашта 1 алқаптан 3 өнім алу жобасы қарқынды дамып келеді | BAQ.kz

Сайрамда бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жұмыстары жалғасын табуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өсімдік шаруашылығында егістік алқаптан 2-3 өнім алу жобасын орындау мақсатында, бүгінгі күнге жылына 2 өнім алу жобасы аясында бірінші айналымда 101 шаруашылық жалпы көлемі 145,8 га жерге егістік егіп, өнім алса, екінші айналымда жалпы көлемі 93,07 га жерге егістік егілді.

Облыс әкімінің «Израильдік технологияны ендіру» тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 18 маусым күні  Көлкент ауыл округінде «Үйіргелік жерлерге  тамшылатып суғару  әдісін енгізу» және «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу»  тақырыбында ауыл округі әкімдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Семинарда ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық технологияларды қолданып, жылына 2-3 рет өнім алу, сонымен қатар бизнесті жолға қойып, мол табыс тауып отырған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жоба “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға” арналған бағдарламасы бойынша грант есебінен қаржыландырылады.

Аграрлы аймақ болып саналатын Түркістан облысында осы саладағы еңбек өнімділігін арттырып, дамыту үшін нақты нәтиже беретін 3 негізгі бағытта жұмыс жүруде. 

Бірінші бағыт, агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, заманауи озық технологияларды енгізу. 

Екінші бағыт, кооперативтерге бірікпейтін 2-3 га жері бар агроқұрылымдар үшін бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын ендіру. 

Үшінші бағыт, жеке қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суару технологиясын ендіру арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнімдерін өндіру.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады