Бәйдібек: Жер телімдерін бөлу мәселесі қаралуда

Көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары әзірленуде

Халықты тұрғн үймен қамту мәселесі қашан да актуалды. Бәйдібекте бүгінде тұрғындарға баспана үшін жер телімдерін бөліп беру мәселесі басты назарда болып отыр.

Азаматтарды жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерімен қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте елді мекен жерлері инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі тиіс. Ауданда бүгінде жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін сұраушы көп. Аудан орталығы Шаян елді мекені бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алуға кезекте тұрған адамдар саны – 1160-ты құрайды.

Осыған байланысты Шаян ауылының бас жоспарына сәйкес 170 гектар (1163 участкі) жер теліміне егжей-тегжейлі жоспар (ПДП) әзірленуде. Жоспар құны 15300,0 мың теңге. Егжей-тегжейлі жоспар әзірленгеннен кейін жобалық-сметалық құжаттары әзірленетін болады.

Сонымен қатар, Боралдай және Жоғарғы Боралдай елді мекендері бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алуға кезекте тұрған 215 азаматтардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында Боралдай ауылынан 27,5 га жер теліміне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын жүргізуге 6550,0 мың теңге бөлінсе, Жоғарғы Боралдай елді мекеніне 35 га жер теліміне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын жүргізуге 6125,0 мың теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады