Ерікті жастар қарттарға қамқорлық жасады

15.jpg

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі - мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Мемлекеттің қаншалықты қайырымды екендігі де қарттар мен мүгедектерге, балаларға жасаған қамқорлықпен өлшенеді емес пе? Сондықтан жас ұрпақты қайырымды, қамқоршы болуға тәрбиелеудің  маңызы зор. Осы орайда Сарыағаш ауданындағы жастардың ісі көпшілікке үлгі болуға лайық. 

 Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округінде ерікті жастары 1 қазан «Халықаралық Қарттар күніне» орай, «Қарттарға қамқорлық - қайырлы іс» тақырыбында Қарабау ауылының тыл ардагері, 90 жастағы қария Досжан  Омарханов атаның үйіне барып 1-қазан- Қарттар күні мерекесімен құттықтап, шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетті. Қария атамыз ерікті жастарға алғысын білдіріп батасын берді.

Жылға ауылдық округінде №44 Ғ.Мұстафин мектебінің тәлімгері және ерікті жастармен «Қарттарға қамқорлық – қайырлы іс» тақырыбында Жылға ауылының тұрғыны Несібелі  Қалқұлова апамыздың үйіне қамқорлық көрсетіп, қысқы отынын дайындап, үй тіршілігіне қолғабыс жасады.

Ал, Дарбаза ауылдық округінде ерікті жастары 1 қазан «Халықаралық Қарттар күніне» орай, «Қарттарға қамқорлық - қайырлы іс» тақырыбында жалғызбасты қарт ананың үйіне барып, қамқорлық көрсетіп, қысқа отынын дайындап берді. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы
  • Студенттер парасыз білім алуы керек!
  • Полицейлер «түнгі балаларды» тексерді
  • Аудандарға ажар кіруде
  • Әкім тұрғындар сауалын жауап берді