Кентауда туризмді дамытуға басымдық берілуде

Кентау - облыс орталығына жақын орналасқан бірден-бір қала болғандықтан туристік аймақтар дамытылуда. Бұл туралы қала әкімі Д.Махажанов айтып өтті.

image.png

--- 2000 жылдық тарихы бар Қарнақ ауылында тарихи нысандамен қатар, құнды жәдігерлер көп. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы да жақсы дамыған. Байылдыр ауылында барит өңдейтін кен орнын қайта іске қосу мақсатында инвесторлар барлау жұмысын жүргізіп жатыр. Толыққанды жұмысты бастаған уақытта ауылдың біршама тұрғындары жұмыспен қамтылатын болады. Ащысай, Хантағы ауылдары туристер келіп тамашалайтын орынға айналады – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, қалада ішкі сауда саттықты дамыту мақсатында базарлар заманауи талапқа сәйкестендіріліп жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Яғни, алдағы уақытта Кентауда екі жаңа сауда кешені ашылады.

Қала үшін тағы айта кететін жайт, кәсіпкерлік мақсатта берілетін жерлер алғаш рет аукцион арқылы сатылымға шығуда. Нәтижесінде бүгінде қаланың бюджетіне 200 млн теңге түсті. Ол қаржыны әзірге абаттандыруға бөлініп отыр.

--- Мәселен, қалаға келген қонақтар мен қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастыру мақсатында аллеялар мен саябақтарды, демалыс орындарын көбейтеміз. Қаладағы Д.Қонаев көшесінің бойына "Дәрігерлер аллеясын" орналастырамыз. Ал, "Жастар" саябағының аумағындағы жағалау арқылы Уәлиханов көшесінің бойына қарай үлкен демалыс аймағы салынады – деді Д.Махажанов.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сапалы жол – туризмнің тірегі
  • Креативті экономика индустриясы туризмге үлес қосады
  • «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап»
  • Сатира саңлақтары кеш берді
  • Автобустар кондукторсыз қызмет көрсетуде