Жылыжай шаруашылығынан мол өнім алуда

Еңбегі көптің өнбегі көп. Расында еңбек еткен адамның алар несібесі молынан болмақ.  

image.png

Осы негізде, Ордабасы ауданы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру, халықты жұмыспен қамту мақсатында үй іргелік жерлерге жылыжай шаруашылықтарын салу және шағын мал бордақылау алаңдарын дамыту мақсатында көшпелі семинар кеңес өтті. 

Ауылдық округтерден келген шаруаларға ұлтарақтай жерден үйдей табыс табудың жолын үйретуді көздеген аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің жауаптылары «Әбдіхалық А» ЖК үй іргелік жылыжай алаңын аралатып, жыл сайын қияр мен қызанақтан мол өнім алатын табысты диқанның ұзақ жылдарғы тәжірибесін үлгі етті. 

Шаруалардың жаңашыл жобалырына қаныққан қонақтар жылыжай алаңы аумағындағы көшпелі семинарға қатысты. Жиынды аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Әбілда Әлібеков жүргізіп, кәсіпкерлер өз ойларын ортаға салды. 

Сарыағаштан арнайы келген жылыжай алаңында көшет өсіруші «Агро Тур» ШҚ менеджері Данияр Қалтаев, үй іргелік жерлерге жылыжай құрылысын салумен айналысатын жеке кәсіпкер Болатхан Әлиев өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Атамекенге» 8 жыл!
  • Кәсіпкерлердің құқығы тапталмайды
  • Шымкенттің экспорттық әлеуеті мықты
  • «Шымкентмайдың» өнімдеріне сұраныс жоғары
  • Ерболат Әмірханов: Креативті бизнес ашуға кеңес береміз