Сарыағашта ағын су бойынша 13 нысан жөндеуден өтті

15.jpg

Былтыр халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығындағы ағын су мәселесін шешуді тапсырғаны белгілі.   

- Технологиялық тұрғыдан ескірген суару жүйесі үлкен кедергі келтіріп отыр. Судың 40 пайызы далаға кетіп жататын кездері болады. Онсыз да су тапшылығының зардабын тартып отырған еліміз бұған жол бере алмайды. Осы саланың нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз етіп, заманауи технологиялар мен инновацияны енгізу үшін экономикалық ынталандыру шараларын әзірлеу қажет,-деген болатын Мемлекет басшысы.

Осы мақсатта Сарыағаш ауданында бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Аудандағы  ағын су жүйесін қалпына келтіру мақсатында 2021 жылдың 8 айында 391,2 млн теңгеге 119,1 шақырымды құрайтын 13 нысан ағымдағы жөндеуден өткізілді, нәтижесінде 344 га суармалы жер қайта айналымға қосылып, 3665 га жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарды.

Бұл туралы Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев аудандық мәслихат депутаттары алдында берген есебінде атап өтті. 

Биыл құрғақшылықтың салдарынан ағын су тапшылығы туындады. Дегенмен проблеманы үкіметтік, жергілікті әкімдік деңгейінде шешудің арқасында шарашылықтар ағын судан тарыққан жоқ. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа демалыс орны ашылды
  • «VISIT SHYMKENT» биыл 100-ден аса экскурсия ұйымдастырды
  • Шымқалаға татарстандық делегаттар келді
  • Шаһар басшысы АҚШ-тың бас консулымен кездесті
  • IШаһар басшысы АҚШ-тың бас консулымен кездесті