8 миллионнан астам теңге жымқырған алаяқ ұсталды

итералаяк.jpg

Полицейлер Түркістан облысының тұрғынын алдап, 8 миллионнан астам теңгесін иемденген интернет-алаяғын ұстады. Ол Ақмола облысының тұрғыны болып шықты.

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол әлеуметтік желілерде телефон арқылы емдеймін деп уәде берген бір әйелмен танысқан. Содан алаяқтың сөзіне сенген тұрғын 2020 жылдың сәуір-мамыр айларында оның есепшотына 8 миллионнан астам ақшасын аударып жіберіп, сан соғып қалған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТТБТ-не 190-бап "Алаяқтық" бойынша тіркеді.

Қылмыстың ауырлығы мен ашықтан-ашық қорықпай жасалғанын ескере отырып, полицияда осы алаяқтық қылмысын ашуға бағытталған ТО ПД-нің Криминалдық полиция басқармасының тәжірибелі жедел уәкілдерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Бір ай ішінде жедел уәкілдер күдіктінің ізіне түсу үшін болған оқиғаны мұқият зерттеді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар Ақмола облысының тұрғыны екені анықталды.

Тергеу барысында күдікті әлеуметтік желі арқылы өзінің парақшасына «қашықтан адам емдеймін, бас-жүрек, бүйрек ауруларын емдеймін» деген мәтінде хабарландыру салғаны белгілі болды. Алаяқтың осы арбауына Созақтық жәбірленуші алданып қалады. Жәбірленуші алаяқпен ұялы телефон арқылы байланысып, әрбір сеансына 500 000, 800 000 теңгеден ақша салып отырған. Осылайша күдікті жас қыз жәбірленушіден 8 000 000 миллионнан астам теңгесін жымқырған. Ол өз кінәсін толық мойындады. Ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Қазіргі уақытта аталған жайт «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын тексеруде. Күдіктінің басқа да істерге қатысытылығын анықтауда.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге жақын таныс емес адамдарға сенбеуді, барынша сақ болуды ескертеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көлік ұрлаған қылмыстық топ құрықталды
  • «Жұмысқа орналастырамын» деп жұрттан ақша жиған алаяқ ұсталды
  • Құқық қорғаушылар жоғалған қызды тауып отбасына қайтарды
  • Түркістан облысының тұрғындары Армениядан әкелінген 260-тан астам автокөлікті тіркеді
  • Карантин талаптарын сақтамай заң бұзған азаматтар жауапқа тартылды