Түркістан облысында заңбұзушылардың есірткі егістігі жойылды

карасора - 2020.jpg

Түркістан облысы әкімдігінің қатаң қадағалауымен өңірде тәртіп сақшылары құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысушылармен күресті күшейтті. "Қарасора-2020" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қарасора егістігін анықтады. 

Жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында Ордабасы АПБ-нің қызметкерлері ауылдардың бірінің жанынан жергілікті тұрғын өсіріп келген есірткі заты бар егістікті анықтады. Айғақты зат ретінде тәртіп сақшылары құрамында есірткі заты бар 8 түп өсімдікті тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, алынған есірткі түптері жалпы салмағы 1,5 кг-нан асатын «сора» болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 300 "құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің қарасора түптерін қандай мақсатта өсіргенін анықтауда.

Айта кету керек, өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі бар өсімдіктерді егу немесе өсіру үшін осы баптың санкциялары екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады