Тәртіп сақшылары карантин кезінде тұрғындарға құқықтарын түсіндірді

тусиндиру.jpg

Түркістан облысында таулы аймақтарда демалуға келген азаматтарды кері қайтарған тәртіп сақшылары оларға карантин талаптарын түсіндірді. Бас санитар дәрігердің қаулысында көрсетілгендей шектеу шараларын жүзеге асыру мақсатында 24-26 шілде күндері аралығында Төлеби ауданы Біркөлік, Қасқасу тау шатқалдарында орналасқан демалыс орындарына баратын жолдарға блок-бекеттер қойылды. Бұл блок-бекеттер санитарлық нормалардың бұзылуына жол бермеу, демалыс орнына келушілерді қайтарып, карантин талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында орнатылды.

Төлеби ауданындағы демалыс орындарынан 2500-ге тарта көлік кері қайтарылды. Блок-бекеттердегі қызметкерлер барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған 17 демалыс орнына іс-құжаттар жинақталып, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы» бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ су жағалауында шомылып жүрген, қауіпсіздік шараларын сақтамаған 37 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен «Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу» әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалынды.

Одан бөлек, билік өкілін қорлаған азаматтарға шара көрілді. Карантин талаптарының сақталуы барысында қойылған Біркөлік ауылына кіреберіс жердегі блок-бекетте полицейлер «Тойота» маркалы автокөлікті тоқтатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Алайда көлік ішіндегі екі жас жігіт тәртіп сақшыларын тыңдағысы, бағынғысы келмей, полиция қызметкерлерін жұрттың көзінше балағаттап, қарсылық көрсеткен. Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 378-бабымен «Билік өкілін қорлау» қылмыстық іс қозғалды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады