Созақ ауданында дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың 52 жайты анықталды

Еліміздегі дәрі-дәрмек бағасы қалай реттеледі?

Түркістан облысы әкімінің карантин талаптарын қадағалау және дәріханалардың жоғары сұранысқа ие дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды жоғары бағамен заңсыз сату жайттарын анықтау туралы тапсырмасын орындау мақсатында өңірде арнайы құрылған мобильдік топтар рейдтік және профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда. Олар Созақ ауданының өзінен дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды жоғары бағамен заңсыз сатудың 52 жайтын анықтады.

Түркістан облысы Созақ ауданындағы дәріханалардың бірінде дәрі-дәрмектерді негізсіз жоғары бағамен сату жайты орын алды.

Құрамында құқық қорғау органдары қызметкерлері мен басқа да мүдделі органдардың өкілдері бар мобильді топ Созақ ауданында дәріхана сатушысының тұтынушылардың біріне 10 дана "Терафлю", "Цефозалиннің" бес ампуласы және 5 медициналық шприцті 4000 теңгеден астам қаржыға, яғни белгіленген бағадан екі есе қымбат сатқанын анықтады. Осы жайт бойынша жиналған материалдар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша фармакологиялық комитетіне заңды шешім қабылдау үшін жіберілді.  

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады