Колледждегі заңбұзушылық анықталып жөнге келтірілді

Screenshot_6.jpg

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан  «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арнаулы кәсіптік колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2021 жылдың қаңтар айында мемлекеттік сатып алу https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталында ашық конкурс тәсілімен жарияланған  №5325494-1 «Азық-түлiк сатып алу»  мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арнаулы кәсіптік колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 154 тармағының талаптары сақталмағаны анықталған. 

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арнаулы кәсіптік колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

К.Бейсенбай,

Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманның м.а. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елде болса, ерінге тиеді
  • Жұмыспен қамту көрсеткіші жақсарды
  • Үшінші мегаполис зиялылары Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жиын өткізді
  • Әрекет» әлеуметтік кәсіпкерлік жобасына өтінімдер қабылданады
  • 23 августа стартует прием заявок на участие в конкурсе грантов «Әрекет»