Жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлеуге болады

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлеуге болады. Ол үшін «Kaspi» қосымшасын жүктеп, валидатордағы немесе автобус кіреберісінде орнатылған QR кодты сканерлеу қажет. Егер сіз қолма-қол төлем жасағыңыз келмесе немесе Төлем картаңызды үйде ұмытып кеткен болсаңыз, QR-код бойынша оп-оңай төлей алады.

Бұл өз кезегінде Шымкенткен сырттан келетін туристер үшін өте қолайлы. Олар өздеріне бейтаныс қаланың қоғамдық көліктерге төлем жасау жүйесін онша білмей қиналатын еді. Енді барлығына қолжетімді мобильді қосымша арқылы төлей береді. Жолақысы бұрынғысынша – 70 теңге. Тексеру кезінде міндетті түрде электронды билетті көрсетуі қажет. 

QR код арқылы жол ақысын төлеген жағдайда бірыңғай 70 теңге екенін ескертеміз. Оқушылар мен студенттер валидаторға тек Төлем картасын тигізуі арқылы ғана өз тарифтерін (35,50 теңге) пайдалана алады.

Айта кетсек, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Tolem» электронды жүйесі іске қосылған болатын. Қала тұрғындарына электронды төлем жүйесін барынша қолайлы ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлеуге болады
  • Где можно оплатить за проезд на дорогах республиканского значения?
  • В древности на территории шымкентской цитадели жили зажиточные люди
  • Что привлекает туристов в Шымкенте?
  • Әлем чемпионатының күміс жүлдегері жастармен кездесті